ЕМДІК ШАЙДАҒЫ ЕСІРТКІ

Жымысқы әрекеті әшкере болған қала тұрғыны айласын асыра алмай тәртіп сақшыларына тұтылды.

Оқиға  13  ақпан күні  Қызылорда  облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандарға келген сәлем-сауқаттарды қабылдау барысында анықталған. Мекеме қызметкерлері қырағылық танытып «ерекше» сәлемдемені тауып алды. Әкелінген сәлем-сауқаттың ішіндегі  «Фито», «Зерде» емдік  шай қалташаларының құрамы алмастырылып, 35 қалташадағы емдік шайдың орнына ұнтақ тәріздес әрі ерекше иісі бар зат салынған болып шықты. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысымен 47 грамм кептірілген марихуана екені анықталды.


Deprecated: parse_str(): Passing null to parameter #1 ($string) of type string is deprecated in /var/www/vhosts/kogamtv.kz/old.kogamtv.kz/wp-content/plugins/jetpack/class.jetpack.php on line 4234

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *